Көмірлі өңір һәм өкінішті өмір: Баянауылдықтар қыстан аман шығатынына сенімсіз

30.10.2024, 10:48
1216
Көмірлі өңір һәм өкінішті өмір: Баянауылдықтар қыстан аман шығатынына сенімсіз коллаж smartnews.kz

Павлодар облысы Баянауыл ауданында Майкөбе, Сарыкөл және Талдыкөл көмір кеніші бар. Былайша айтсақ, көмірге бай аудан. Ауыл жастарының барлығы дерлік кеніштерде нәпақа айырып жүр. Десе де, тұрғындар «астымызда көмір мол болса да, көмірді қымбат бағамен сатып аламыз» деп жыл сайын мәселе көтереді. Өкінішке қарай, еститін құлақ жоқ.

Қыс – қыр астында. Сәйкесінше, қазір ауылдағы ағайынның амандасуы көмірдің әңгімесінен басталады. Бұл мәселені баянауылдық қоғам белсенділері де көтеріп, құзырлы органдарды құлағдар етуге кіріскен.

Баянауыл ауылының тұрғыны, қоғам белсендісі Айбат Ыдырысов «табанымыздың астынан шығатын көмір бағасы халық үшін тым қымбат» деп тұрғындардың жан айқайын жеткізді.

«Баянауылдың басында Зил жүк көлігігімен 6.9-7 тонналық Майкөбе көмірі 110.000 теңгеден асып жығылады. Былтыр Баянауылдың депутаттары Арман Рахмашев, Самат Мақажанов, Даржуман Солтаналин төртеуміз Екібастұз қаласында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Майданұлымен жолыққанымызда осы мәселені көтергенімізде жарылқамайтынын анық аңғартқан еді. Мемлекеттің тілін білмейтін адам, мемлекетке жаны ашиды деу артықтау болар. Бағаны кім реттейді? Біздің жақта бұл мәселені шешуге ешбір әкімнің  қауқары жоқ», - дейді ол.

Айбат Ыдырысов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына ауыл тұрғындарының чаттардағы диалогын салыпты. Онда тұрғындар: «Жалақымыз 83 мың, көмір алуымыз үшін балаларға 2 ай тамақ жегізбеу керекпіз» деп көмір бағасының тұрғындар үшін тым қымбат екенін алға тартып отыр.

Қоғам белсендісі бұл мәселені жергілікті әкімдер шешуге құлықсыз деген соң әкімдікке хабарласып, уақыт жоғалтпайық деп шештік. Көмір кеніші басшылықтарына хабарласып көріп едік, байланыса алмадық. Павлодар облысы әкімдігі бұл мәселеге қатысты не айтар екен?

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты