WTA қорытынды турнирі: Рыбакинаның қарсыласы кімдер?

30.10.2024, 12:05
724
WTA қорытынды турнирі: Рыбакинаның қарсыласы кімдер? KTF

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) 2-9 қараша аралығында өтетін WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина күлгін топқа түсті.

Оның қарсыластары:

Арина Соболенко (Беларусь, 1);

Жасмин Паолини (Италия, 4);

Чжэн Циньвэнь (Қытай, 7).

Қызғылт-сары топта мына теннисшілер бақ сынайды:

Ига Швёнтек (Польша, 2);

Кори Гауфф (США, 3);

Джессика Пегула (США, 6);

Барбора Крейчикова (Чехия, 8).

Топ жеңімпазы жартылай финалда келесі топта екінші орын алған теннисшімен кездеседі

Жылдың қорытынды турнирінің жүлде қоры рекордтық көлемде белгіленді15,25 млн АҚШ доллары

WTA жарыста ұпай алудың жүйесін өзгертті. Өткен жылы топтық бәсекеде әрматчта нәтижесіне қарамастан, қатысушы кемінде 375 ұпай алса, биыл олай емес. Биылжеңген теннисші ғана 200 балға қол жеткізеді. Ұтылған ойыншыға ештеңе тимейді

Теннисші жартылай финалда ұтса, қосымша 400, финалда жеңсе, 500 ұпайға иеболады. Егер бірде-бір матчта ұтылмай, чемпион атанса, 1 500 ұпайды қанжығасына байлайды.

Өткен жылы мұнда Польша өкілі Ига Швёнтек үздік шыққан болатын. Соңғы бәсекеде ол америкалық Джессика Пегуланы ойсырата ұтты – 6:1, 6:0. 

Е.Рыбакина қорытынды додаға екінші рет қатысады. Өткен жылы Канкунда(Мексика) үш матч өткізіп, грекиялық Мария Саккаридан басым түскенімен, Джессика Пегула мен Арина Соболенкоға жол берген еді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды