Садыр Жапаров Қырғызстанның әнұранын өзгерткісі келеді

Аиса Махамбет Редактор
30.10.2024, 20:10
1043
Садыр Жапаров Қырғызстанның әнұранын өзгерткісі келеді president.kg

Қырғыз президенті: «Жүз жылдан кейін де азаттық алдық деп жырлай бермекпіз бе?»

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Шакиевтің мемлекеттік әнұранды өзгерту туралы ұсынысына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Қырғыз басшысы бұл идеяны қолдау қажет деп санайды.

«Әнұранды өзгертсек жақсы болар еді. Оны жаңартсақ, несі жаман ? Қазіргі Әнұранымыз осыдан 33 жыл бұрын тәуелсіздік алған тұста жазылған. Әнұран авторлары ел азаттық пен тәуелсіздікке қол жеткізіп, қырғыз халқының тағдыры солардың қолында екенін қуанышпен, толқумен жазды. Содан бері 33 жыл өтті. Біз толыққанды мемлекетке айналдық. Бізді бүкіл әлем біледі. Жүз жылдан кейін азаттық алып, тәуелсіз ел болдық деп жырлай бермекпіз бе? Тәуелсіз мемлекет екенімізді, бес мың жылдық тарихы бар халық екенімізді жырлап, жастарды, болашақ ұрпақты жігерлендіретін Әнұран неге жазбасқа? Әрине, қазіргі әнұранымыз ұмытылмайды. Ол республикамыздың тұңғыш әнұраны ретінде тарих мұрағатында қалады», – деді ол.

Садыр Жапаров бұған дейін кейбір демагогтар мен популистердің де туды өзгерту идеясына қарсы болғанын еске салды.

«Қазіргі туымыз жаман ба? Ол бұрынғымен салыстырғанда жақсырақ болды. Ескі жалаудағы күн символы не күнбағысқа, не «ағаш тілгішке» ұқсайтын. Енді бұл күн сәулесі екені бірден белгілі болды. Ол жарқырап тұр», - деп түсіндірді президент.

Бұған дейін Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Шакиев Қырғызстан әнұранын қайта жазуды ұсынғаны хабарланған болатын.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды