Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

31.10.2024, 09:10
423
Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды pixabay.com

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер 31 қазанда еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Астана қаласында да түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда да көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында тұман түседі, күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде, сондай-ақ орталығында да тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Петропавл қ.: 31 қазанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман, түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болды деп күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

31 қазан мен 2 қарашада түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады деп болжанады.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді