942

Испаниядағы тасқын құрбандары 100-ге жуықтады: Қазақстандықтар бар ма?

Соңғы 30 жылда тіркелген ең жойқын нөсердің салдарынан Испанияның шығысында, орталық және оңтүстігінде кем дегенде 95 адам қаза тапты. Із-түссіз жоғалғандар да бар.

Испаниядағы тасқын құрбандары 100-ге жуықтады: Қазақстандықтар бар ма?
AP Photo / Gregorio Marrero

Испанияның төтенше жағдайлар бөлімінен 1000-нан астам сарбаз апаттан зардап шеккен аймақтарға жұмылдырылған. Ал орталық үкімет Валенсияға мәйіттерді тануға көмектесу үшін тоғыз сот-медициналық сарапшы жіберді.

Әлеуметтік желілерде су ағыны көпірлер мен көліктерді шайып жатқанын көрсететін кадрлар жарияланған. Кейбір бейнежазбаларда адамдардың су тасқынынан құтылу үшін ағаштарға өрмелеп жатқаны көрсетілген.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді.

Материал авторы