«Комаға түсіп қалғанын білген жоқпыз»: жұлдыздар Құрманай Бақтиярқызын ақтық сапарға шығарып салды

Аиса Махамбет Редактор
31.10.2024, 11:44
4240
«Комаға түсіп қалғанын білген жоқпыз»: жұлдыздар Құрманай Бақтиярқызын ақтық сапарға шығарып салды жеке мұрағатынан

“Алматының түндері-ай”, “Толғанай”, “Вокзалда қауышқан қыз” атты әндердің сөзін жазған ақын Құрманай Бақтиярқызын бір топ шоу-бизнес өкілдері ақтық сапарға шығарып салды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұм өнер иесі туған жері Қазығұрт ауданында жерленді. 

“Жүрген жерің мереке еді… Кең едің… Көпшіл едің… Бауырмашыл едің… Шынайы едің… "Құрекем менің, Құрекем! Құрекем қайда жүр екен?…" деп енді кімге айтам, Құрманайым. Неге ол жаққа ерте кетуге асықтың, Алтыным-ау! Әке-шешеңе, балаларыңа, туыстарыңа көңіл айтамын. Алдың пейіш, артың кеніш болсын! Бақұл бол, қазақтың Құрманайы!”, – деп жазды Нұрлан Албан. 

Одан кейін Алтынай Жорабаева туған күнін тойламай, құрбысын ақтық сапарға шығарып салуды жөн көрген. 

“Құрмашым менің! Сол кезде Алланың қалауымен, бүкіл халықтың дұғасымен бас көтеріп, қайтадан ортамызға оралып едің. Осы жолы комаға түсіп қалғаныңды байқамай қалдық. Алланың қалауы болды. Туған күніме қарамастан, өзіңмен қоштасуға жол тарттым”, – деп жазды өнер иесі. 

Одан кейін Мақпал Жүнісова марқұмның соңғы хатын да жариялап, соңғы көрген сәтінен видео жариялады. 

“Концерт болмайды. Мақтадайым сол менің, біріншіден сізсіз ешнәрсе қызық емес, екіншіден қайырымдылық концерт дегені ұнамады. Үшіншіден шаршап қаламын, алда бес сағаттық ота күтіп тұр, дәрігерлер ұрысты. Жазылып алған соң сізбен дуэт айтамын, бұйырса, – деп жазған Құрманай Бақтиярқызы халық әртісіне. 

Еске салайық, марқұм Құрманай Бақтиярқызының өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы желіге тараған еді. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр