Бренд атын жамылған: Киіп жүргеніңіз шынымен «HUGO BOSS» па?

31.10.2024, 12:12
1076
Бренд атын жамылған: Киіп жүргеніңіз шынымен «HUGO BOSS» па? ebay

Алматы базарларының бірінде «HUGO BOSS» сауда белгісін заңсыз пайдаланған кәсіпкерге 1,5 млн теңге айыппұл салынды.

«Жыл басынан бері бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану дерегі бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне 216 тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері көрсеткендей қолданыстағы заңнаманы бұзудың 196 фактісі анықталды. 175 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекетке 14 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді. Азаматтық айналымнан жалпы сомасы 102 млн теңгеден астатын 320 мың контрафактілік өнім тәркіленді», - деді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның баспасөз мәслихатында.

Мәселен осы жылдың 28 тамызында Алматы қалалық Әділет департаментінің қызметкерлері «HUGO BOSS» сауда белгісін заңсыз пайдаланып, контрафактілік тауарларды сатып келген саудагерді әшкерелеген. «HUGO BOSS» компаниясы өкілінің өтініші бойынша, Алматыдағы сауда базарларының бірінде ерлер киімін көтерме бағада сатумен айналысқан жеке кәсіпкерге жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында «HUGO BOSS» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі расталды. Нәтижесінде жалпы сомасы 1,5 млн теңгеден асатын 1600 контрафактілік тауар тәркіленді. Белгілі болғандай, кәсіпкер жалған өнімді нарықтағы түпнұсқаның бағасынан 300 пайыз төмен бағамен бүкіл Қазақстан аумағында таратып келген.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады