«Салмағым 95 келіге жетті»: Зарина Омарова күйеуі толықтығы үшін ұялатынын жасырмады

Аиса Махамбет Редактор
31.10.2024, 13:58
3821
«Салмағым 95 келіге жетті»: Зарина Омарова күйеуі толықтығы үшін ұялатынын жасырмады жеке мұрағатынан

Танымал әнші Зарина Омарова алғаш рет күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,  өнер иесі декреттік демалысында қатты салмақ қосқанын “Мамский подкастында” жасырмады. 

“Мен баламен үйде отырғанда Ақтөбе қаласында тұрдық. Күйеуім сол жақта жұмыс істеді. Бір күні қонаққа бардық. Маған ақша беріп, әдемі көйлек алуымды өтінді. Өзіме ұнайтын көйлек таппадым. Ұнатқан көйлектерім сыймай қалды. Ол кезде салмағым 95 келі болатын. Содан шақырған жерге бардық. Қара көйлек киіп бардым. Кілең бастықтар шақырылған және әйелдерімен жүр. Үйде отырған әйел бәрібір интернеттен неше түрлісін оқып отырса да, практика жүзінде басқаша көрінеді. Ол жақтағы әйелдердің шаш үлгісіне дейін ерекше көрінді. Бір кезде кісілер бірдеңе айтып, мені меңзегендей күлді. Күйеуім, маған қарап, “ана жаққа барып тұршы” деді. 20 минут өткеннен кейін, жүргізушіні шақырып үйге кетіп қалдым. Күйеуімді кінәлаған жоқпын. Өзімді жазғырып, таңға дейін жыладым. Түнгі 3-те отырыстан күйеуім келгенде, бәрін айттым. “8 сегіз үйде отырмын. Енді мен сахнаға шығамын. Өзіме қарап, әдемі болғым келеді” деп жыладым. Ол да түсінгендей болып, мені жұбатуға тырысты. Сол оқиғадан кейін өмірім күрт өзгерді”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

Эстрада жұлдызының сөзінше, салмақ тастау үшін күйеуімен бәстескен. 

“Содан жолдасыммен бәстесіп, салмақ тастауға шешім қабылдадым. Мен “арықтап, өзімнің қалпыма келемін, сен маған ақша бересің және сахнаға шығарасың” дедім. Ол берген уәдесінде тұрып, қалаған дүниемді сатып алып берді. Финтнес клубқа жазылдым. Тіпті диетаның тамағын істейтін ас үй техникасына дейін дайындап берді. Алты ай бойы тек салмақ тастаумен күрестім. Нәтижесінде 56 өлшемнен 44 өлшемді киім киетін салмақ тастадым. Жолдасымның содан кейін көзқарасы өзгеріп, сахнаға дайындады. Сол кездегі мықты режиссерлермен клип түсірдік. Ұзақ уақыт жоғалып кеткеннен кейін, бір-ақ сәтте жарқ еттім”, – деді өнер иесі.  

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды