Таразда мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар жоқ жылу мен жарыққа ақша төлеп отыр

Аиса Махамбет Редактор
31.10.2024, 14:33
862
Таразда мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар жоқ жылу мен жарыққа ақша төлеп отыр жеке мұрағатынан

Таразда “Қолжетімді баспана” мемлекеттік бағдарламасымен үйлі болғандар жылу мен жарықты ұмытқан. Олар сыз тартқан пәтерде қалың киініп, жан бағып отыр. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, баспаналы болды деген аты болмаса 180 пәтерлі үйдің иелері жоқ жылу үшін ақша төлейміз деп шып-пыр болады. 31 арнаның “Иформбюро” жаңалықтар қызметі мәлімдеді.

“Әрине, жағымсыз нәрсе. Әлі жылудың ақшасы келеді. Есептеуіш айналып жатыр. Ыстық су жоқ. Сол үшін төлетеді бізге. Соны төлейміз. Жуынып жатқан жоқпыз. Басқа жылуы бар жаққа барамыз. Бұл жақта жоқ”, – дейді тұрғындардың бірі Гүлзира Әбдікеева.

Сыз тартқан үйден дерт тапқандардың да саны артып жатыр. 

“Былтыр қыстай үсіп отырдық. Үйдің ішінде пальто, куртка, жүн носки, аяқ-киім киіп жүрдік. Ақша төлегенде “айма-ай осы төле, төле” деп жанымызды шығарады ғой, шіркін! Енді кешелі бері жарыққа ақша төлеп қойғанбыз. Бірақ ол түспейді. Жарық жоқ. Тамақ ашып, пышып іріп жатыр. Кімге керекпіз біз? Ешкімге керек емеспіз біз”, – дейді тұрғындардың бірі Нұржамал Сартаева.

Ал атқарушы билік салынған үйдің сапасыз екенімен келіспейді. десе де үш жыл бұрын берілген үйлердің құбыры тозып кеткен. Олардың айтуынша, жылы су мен жарықты тұрғындардың өздері жасап алу керек. 

Әлеуметтік осал таптарға берілген бұл көп қабатты үй тұруға жарамсыз қонысқа айналды. Шағым айтқан тұрғындарға жергілікті билік арнайы топ құрып апта соңына дейін жердемдесеміз деп уәде берді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды