3693

«Сенің бриллианттарыңнан арзан»: ақын Ақұштап Бақтыгереева тойда әнші Мақпал Жүнісоваға сақина тақты (ВИДЕО)

«Әкемнің құрдасынан бата алдым» деп тастамай тағып жүрсін» деп ақын Мерейге өз сақинасын берді.

«Сенің бриллианттарыңнан арзан»: ақын Ақұштап Бақтыгереева тойда әнші Мақпал Жүнісоваға сақина тақты (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Отандық танымал сазгер, ақын Ақұштап Бақтыгереева өз туған күнінде эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісоваға сақинасын тарту етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Мақпал Жүнісова ақынның туған күн кешіндегі ерекше сәттің видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда Ақұштап Бақтыгереева ортаға Мақпал Жүнісованы шақырып, оған сақинасын тарту етіп жатқанын көруге болады.

Алайда белгілі сазгер бұл бағалы затты әншінің өзіне емес, оның қызы Мерейге сыйлап жатқанын айтты. Жүнісова өзіне көрсетілген ерекше құрметтен кейін ақынға алғысын айтты. 

"Айналайын, дами беріңдер! "Әкемнің құрдасының қолынан алдым" деп тағып жүр. Сенің бриллианттарыңнан қымбат емес шығар?! Бірақ көңілі мен жолы қымбат. Мақпал, бұл сақина саған емес, Мерейге беріп жатырмын. Болашақта қолынан тастамай тағып жүрсін! Менің батам мен алғысым осы. Аман болыңдар! Өзің де елдің батасын алып, жүре бер", - деді Бақтыгереева. 

"Ақұштап апам Мерейге сақина сыйлады. Апамның абыройын, жасын берсін! Апамның ғасыр тойына жетуіне тілектеспін", - деп жазды әнші.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор