«Бір айтарым, қайтыс болған баланың әкесіне қатысты»: Бас прокурор марқұм Шерзаттың әкесіне қатысты іске пікір білдірді

31.10.2024, 18:45
18650
«Бір айтарым, қайтыс болған баланың әкесіне қатысты»: Бас прокурор марқұм Шерзаттың әкесіне қатысты іске пікір білдірді коллаж smartnews.kz

Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен іс қозғалғаны рас па? Шерзат Болаттың өліміне қатысты сараптама не болды? Өкілдер жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәжілістің кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты жүргізіліп жатқан істің мән-жайын айтты.

Талғардағы адам өліміне қатысты тергеу барысы толықтай бақылауда. Өздеріңіз білетіндей, барлық тұлға ұсталды, оларға бірқатар айып тағылды. 15 қазан күні ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мен Алматы облыстық прокурорының қатысуымен брифинг өтті. Тергеу барысы толық баяндалды.

Бір айтарым, қайтыс болған баланың әкесіне қатысты іс қозғалған жоқ. Өртке қатысты іс те тергеліп жатыр, сараптама тағайындалды, - деді ол.

Бұған дейін ІІМ іс Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатқанын алға тартқан. Сондай-ақ Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты 5 түрлі сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Атап айтар болсақ, сот-медициналық сараптама, өрттің себебін анықтау бойынша сараптама, фототехникалық сараптама, молекулалық-генетикалық сараптама және биологиялық сараптама. Қазіргі таңда сараптамалардың үшеуі аяқталып, құқық қорғау органдарына берілген, қалған екеуі әлі зерттеу сатысында. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады