«ҚазАвтоЖол» қысқы маусымға қаншалықты дайын?

31.10.2024, 19:31
810
«ҚазАвтоЖол» қысқы маусымға қаншалықты дайын? Москва 24/Антон Великжанин

Биыл қысқы көктайғақта себілетін техникалық тұз, құм, химиялық реагент секілді материалдар былтырғыдан 3 есе мол дайындалған. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді.

«Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды. 3,6 мың шақырым күре жолда қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 3,2 мың шақырым ақылы учаскелерді қоса алғанда, жалпы ұзындығы 21,4 мың шақырым автожол күтіп-ұстау жұмыстарымен қамтылған. Биыл 63 мың тонна техникалық тұз, 104 мың текше метр құм, 172 мың текше метр қиыршық тас қалдығы, 1,2 мың тонна химиялық реагент дайындалған. Былтырғы жылмен салыстырар болсақ, көктайғаққа қарсы материалдың көлемі 3 есе ұлғайған», - деді «ҚазАвтоЖол» басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Компания басшысы республикалық автожолдарда жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін ұйым – «КАЖСервис» ЖШС екенін атап өтті. 

«Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына дайындық тиянақты ұйымдастыруды және құбылмалы климат жағдайында жедел әрекет етуге дайын болуды қажет етеді. Мұндағы негізгі аспектілердің біріжол техникасымен қамтамасыз ету. 2022 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «КАЖсервис» ЖШС-ін біріктіру үрдісі басталған кезде техниканың жалпы саны небәрі 1100 болған. Бұл нормативті қажеттіліктің тек 25% құрайды. Бүгінде техника паркі кеңейіп, саны 1718 бірлікке, яғни 39% жетті. Бұл саладағы жаңарту және модернизациялау жұмыстары әлі де жалғасуда», - деді Д.Иманашев.

Сондай-ақ спикер ұзақ жылдар бойы жасалған талдауларға негізделе отырып, қар басу қаупі бар 2,2 мың шақырым учаске анықталғанын айтты. Бұл жерлерге 31 мың уақытша ағаш қалқандар орнатылып, қар қоршаулары мен біліктері жасалмақ.

Басқарма төрағасының айтуынша, ауа-райы күрт өзгерген жағдайда, қалыпты көлік қозғалысын қамтамасыз еткенге дейін жолда қалған жолаушылар уақытша орналастыруға арналған қауіпсіз және жайлы жылыту пункттеріне тоқтай алады. Автожолдардағы ағымдағы ахуал туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс жасайтын 1403 байланыс орталығы, Sapar мобильді қосымшасы немесе Kaztoll.kz сайты арқылы білуге болады.

Бұдан бөлек былтыр қыста қар құрсауынан 2 мың автокөлік шығарылып, 3 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілгені аталып өтті.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды