«Қарыздарың көп»: Ақтөбеліктер жарықсыз, жылусыз қалды

01.11.2024, 10:24
954
«Қарыздарың көп»: Ақтөбеліктер жарықсыз, жылусыз қалды rbc.ua

Кеше Ақтөбе қаласы «Гормолзавод» бау-бақша ұжымының 130-ға жуық үйі күздің қара суығында жарықсыз, жылусыз қалды. «Бақсақ бақа екен» демекші, жауапты мекеме мұндай қадамға тұрғындардың 82 мың теңге қарызы үшін барған.

Тұрғындар электр тогымен қамтамасыз етіп отырған «Энергосистема» ЖШС-і қандай да бір хабарлама берместен ажыратып тастаған.

- Біздің трансформатор қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарайды. Ал ішкі электр желісін жеке-жеке шығарып, әрқайсысы бөлек төлейтін етіп қарастыруды талап етеміз. Бүгін біз 8 сағатқа жуық жарықсыз отырдық. Алдын ала хабарламады, сырттан сөндірген. Біз жөндеу жасап жатыр деп ойладық. 80 мың деп айттық арыз. Ол көп ақша емес. Келер айда да жабылар еді ғой. Күз салқын, қыс түседі енді,- дейді Сайлаубек Серіков.

Ақтөбе қаласы Жиенбаев көшесіне жиналған жұртқа полиция мен Алматы ауданы әкімдігінің өкілі келді.

- Қазіргі таңда қала әкімі «Энергосистема» ЖШС басшысына хабарласып, мәселені анықтады. Олардың айтуынша, тұрғындардың қарызы бар екен. Тұрғындар 82 мың деп тұр. Жылыту маусымы кезінде жарықты сөндіруге болмайтыны айтылды. Егер сөндірсе, заң аясында шара қолдануға тура келеді. Аяздың кезінде өшірген дұрыс емес,- деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Ануар Жаңбыров.

Сөйтіп, жарық кеше сағат 21:00 шамасында жанған. Тұрғындар өз арасынан саяжайға жауапты төраға сайлап, бүгін әкімдікпен бірге электр желісін балансқа алу жөніндегі мәселені шешуге тырыспақ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды