«8 жасымда тастап кетті»: Зарина Омарова ата-анасының ажырасқанына әлі күнге дейін өкінетінін жасырмады

Аиса Махамбет Редактор
01.11.2024, 15:22
17967
«8 жасымда тастап кетті»: Зарина Омарова ата-анасының ажырасқанына әлі күнге дейін өкінетінін жасырмады коллаж smartnews.kz

Әкемді ешқашан кінәлаған емеспін дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында қонақ болып, балалық шағынан сыр шертті. 

“Ата-анам өте керемет жандар болғанын ел біледі. Әкем – халықтың адамы болды. Анам – соның қолдаушысы еді. “Аяулы жыр әнімсің, сен – менің сыңарымсың” әні анама арналған. Әкемнің ел аузындағы керемет әндерінің бәрінің себепкері – анам. Сондай берекелі отбасында дүниеге келдім. Бірақ әлі күнге дейін ата-анамның екі жаққа кетуінің жарасы толық жазылған жоқ. Мен 3-сынып оқитын кезде 8 жастамын. Сол кезде екі жаққа кетті.

Әкемді ешқашан кінәлаған емеспін. Оған тіпті шаң жуытпаймыз. Анам соған аздап ренжиді. Бала күнімде үйден қонақ арылмайтын. Анамның қолынан Әлібек Дінішев, Бибігүл Төлегенова, марқұм Құдайберген Сұлтанбаев шай ішкен. Мен сол кісілерді кішкентай күнімнен көріп өстім. Әкем Жастар сыйлығын алды. Сол тұста төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Сол жаққа көштік. Үйіміз кең болғасын, қонақ тіпті көп келетін болды”, – деп бала кезін есіне алды әнші. 

Өнер иесінің сөзінше, өзі кішкентайынан әкесіз өскендіктен, балаларын әкесіз өсірмеуге күш салған. 

“Менің жолдасымның мінезі қиын ғой. Бірақ мен шыдаймын деп серт берген адаммын. Өйткені балаларымның әкесіз өскенін қаламадым. Балаларымның жүректерінде дақ қалмауын тіледім. Бүгінде мен орта жасқа келіп, ана болсам да, ата-анамның екі жаққа кеткені жанымды ауыртады. Сондықтан барлығына шыдаймын, шыдап та келе жатырмын”, – деді Зарина. 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды