1006

Елімізде жүк тасымалдау тарифі қымбаттады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда жүк тасымалдау тарифтері өткен жылмен салыстырғанда 3,8% өскен.

Елімізде жүк тасымалдау тарифі қымбаттады
Silas Stein / dpa / Global Look Press

Жыл басынан бері қаңтар-қазан аралығында жүк тасымалдау тарифтері (2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда) 3,8% өсті.

Атап айтқанда, автотасымалдау құны 1,6% өсті. Автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау 1,3% қымбаттады, ішкі автотасымалдар - 1,8% өсті.

Әуе жүк тасымалы жыл басынан бері 2% қымбаттады, оның ішінде халықаралық жүк тасымалы 2,3%, республикаішілік әуе жүк тасымалы 1,4% қымбаттады.

Халықаралық қатынаста теңіз жүк тасымалы тарифтері 9,1% өсті.

Сонымен қатар құбыр арқылы тасымалдау 2,4% қымбаттады, оның ішінде шикімұнайды жеткізу тарифтері 4,1% көтерілген.

Материал авторы