Банктен мазаламайды: Сарбаздардың несиелері кейінге шегеріліп жатыр

01.11.2024, 18:34
825
Банктен мазаламайды: Сарбаздардың несиелері кейінге шегеріліп жатыр Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскер қатарына қабылданған сарбаздарға несиелерін өтеу кейінге шегеріліп жатқанын мәлімдеді.

«Қарулы Күштерді цифрлық трансформациялау әскери қызмет өткерудің тартымдылығын арттыру іс-шараларын іске асыруға мүмкіндік берді. Оның бірі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға кредиті бойынша каникул беруге қатысты. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрық тікелей жүйеде шығарылып, бірден Мемлекеттік кредиттік бюроға және Бірінші кредиттік бюро сервисіне беріледі. Осы ұйымдар несиесі бар сарбаздарды бірден анықтап, деректерді банктер мен шағын несие ұйымдарына жолдайды. Бұдан кейін қарызды кейін өтеу туралы шешім шығарылады», - деді Д. Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, банк сарбаздардың берешегін қайтару мерзімін 14 айға дейін шегерді. Бұл тұрғыда енді мерзімді әскери қызметші 12 ай Қарулы Күштер қатарында болған кезеңде, сондай-ақ үйге оралған соң 2 ай мерзімде қарызын өтеуден босатылады.

«Осы екі айдың ішінде әскерден оралғандар жұмысқа орналасып, қарызын өтей бастайды. Жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 15 мың қарыз бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған 10 мыңнан астам адамға кредит бойынша каникул берілді», - деді министрдің орынбасары.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді