«Боран, көктайғақ»: 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

02.11.2024, 09:30
1121
«Боран, көктайғақ»: 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды elordainfo.kz / Оңалхан Өнерхан

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК ертең, 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.  Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, сондай-ақ орталығында оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. 

Қарағандыда көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі, батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні - 17-22 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с, облыстың солтүстігінде 28 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, сондай-ақ орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.  

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда түнде көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен таңертең және күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, батысында көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда түнде көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, сондай-ақ орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды