Сүйінші! Қазақ әншісі британдық Golden time Talent халықаралық байқауының жеңімпазы атанды

02.11.2024, 10:10
3216
Сүйінші! Қазақ әншісі британдық Golden time Talent халықаралық байқауының жеңімпазы атанды бейнежазбадан алынған кадр

Америкада тұратын отандасымыз өнерімен әлемді тамсандырып жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Динара Каиргожа (Бисенова) британдық Golden time Talent халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Өзінің қуанышты жаңалығымен бөліскен әнші бұл жетістігінің артында үлкен еңбек жатқанын мәлімдеді.

Динара Каиргожа — ұстаз, композитор, әнші әрі актриса. Еліміздің мәдениет қайраткері, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі, эстрадалық вокалдан республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Бүгінде Америка Құрама Штаттарында тұратын отандасымыз мұхиттың арғы жағында ұлттық ән өнерін насихаттап, екі елдің мәдени байланысының дамуына үлес қосып жүр.

Қазақстандық өрендерге онлайн арқылы дәріс беріп, бар білгенін үйретіп жүр.  

«Төрткүл дүниенің таланттары бас қосқан байқауда өзімнің туындымды орындадым. Әнін де, сөзін де өзім жаздым. „Өкпе“ деп аталатын бұл шығармам қазылар алқасының шешімімен жүлдеге лайық деп танылды. Өте қуаныштымын. Бұл менің шығармашылық жолымдағы кезекті жеңіс деп білемін. Мұнымен тоқтап қалмаймын. Одан әрі шығармашылық қанатымның дамуына үлкен бір серпін болды. Өнерімді бағалаған шетелдік ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіргім келеді», — дейді өнер иесі.

Айта кетейік, Динара Каиргожаға жүлде әкелген бұл туынды отандық телеарналарда алдағы уақытта тұсауын кесетін «Шырағың сөнбесін» теле хикаясының саундтрегіне таңдап алынған.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды