Ақтауда ұландық сарбаз жол апатынан зардап шеккен адамға көмектескен

02.11.2024, 14:12
841
Ақтауда ұландық сарбаз жол апатынан зардап шеккен адамға көмектескен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Көлік қағып кеткен әйелді көрген Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Қайрат Шырақбаев жедел көмек көрсеткен.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Қайрат Шырақбаев жол-көлік оқиғасының куәгері болып, зардап шеккендердің көмегіне бірінші болып келді.

Оқиға 31 қазан күні сағат 14:40 шамасында Ақтау қаласының 22 шағын ауданында болған. Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Сол маңда жүрген кіші сержант Шырақбаев апатқа куә болды.

Ол уақыт жоғалтпастан, бірден көмекке асықты. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырады.

Жағдайды бағалай отырып, мен зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жедел жәрдем келгенге дейін азаматша өз-өзіне келді, - дейді ұландық сержант.

Осылайша, құқықтық тәртіп әскері сержантының жедел және кәсіби іс-қимылдарының арқасында апаттың ауыр зардабына жол берілмей, зардап шеккен адам жедел жәрдемнің медициналық қызметкерлеріне тапсырылды.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген