Енді елімізде ұрып-соғудың алдын алу үшін әскерде дәретханаларға камералар қойылмақ

Аиса Махамбет Редактор
02.11.2024, 14:48
999
Енді елімізде ұрып-соғудың алдын алу үшін әскерде дәретханаларға камералар қойылмақ Midjourney

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдердегі камерасы жоқ қауіпті болуы мүмкін аймақтарды зерттеп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахдиев тексеріс басталғанын айтты.

"Тиісті бұйрыққа өзгертулер енгізіледі, содан кейін құжат әскерлерге өз қызметін осы стандарттарға сәйкес келтіру үшін шығарады. Біз бейнекамералар мен техникалық қауіпсіздік құралдарын сатып алуды децентрлендірдік. Енді әскери бөлім жоғары тұрған органға қарамай, өз бетінше инфрақұрылымды сатып алып, жаңарта алады", - деді Ахдиев.

Қорғаныс министрінің орынбасары әлімжеттік оқиғасы жиі болатын дәретханаға баратын жолдарда камералар орнатылатынын да ескерді.

"Кабинаға ешкім камера орнатпайды. Бірақ оған баратын жолда камералар болады деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар видеоны зерттеу үшін жасанды интеллект енгіземіз. Адамдар көп болған кезде дәретханаға бір уақытта екі-үш адам кіреді, олар ұзақ уақыт шықпай қалған кезде жүйе кезекшіге де, жоғарыдағы органдарға да сигнал береді. Сонымен қатар бұл жүйе әскери полиция өкілдері үшін әзірленіп жатыр”, — деді министрліктің өкілі.

Сондай-ақ журналистер вице-министрден қорғаныс министрлігі сарбаздарды әлімжеттіктен қашан толық қорғай алатынын сұрады.

"Біз бұл мәселе бойынша күн сайын жұмыс істейміз", – деді ол.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды