Аула тазалаушысы есепшотына түскен 3,4 млрд теңгені банкке қайтарып берген

Аиса Махамбет Редактор
02.11.2024, 19:28
7008
Аула тазалаушысы есепшотына түскен 3,4 млрд теңгені банкке қайтарып берген Almaty.tv

Алайда оған ешкім ақшаны қайтар деп хабарласпаған да.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркиядағы Измир қаласының тұрғыны Озкан Айдик өз шотына белгісіз тұлғалардан түскен шамамен 7 миллион долларды (23 миллион лира) банкке барып қайтарды.

Түркиядағы Мендерес ауданында тұратын қарапайым аула жұмысшысы Озкан Айдик коммуналдық төлемдерді төлеу үшін мобильді банк қосымшасына кіргенде өз шотында үлкен сома түскенін көріп таңғалады.

Озкан Айдик банкке барып, ақшаны харам деп санағандықтан қайтарғанын айтты. 

"Ешкім келіп, банк қызметкерлерінен бұл ақшаның қайдан түскенін сұраған жоқ", – деп түсіндірді ол. 

Алайда ер адам банк қызметкерлері ақшаның қайдан келгенін және қайда кеткенін айтудан бас тартқан. Ал олар бұл банктің жеке ережелері деп алға тартқан. Ақыр соңында ер адам полицияға барып, болған жағдай туралы мәлімдеуді жөн көрген.

Еске салайық, бұған дейін Астанада белгісіз біреу елорда тұрғынының банкоматқа салған бір миллион теңгесін ұрлап кеткенін жаздық. Жәбірленуші банкомат арқылы есепшотына ақша салмақ болған. Азамат банкноттарды банкоматқа салып, операция аяқталды деп ойлап, терминалдан алыстап кеткен.

Алайда техникалық себептерге байланысты ақша салынбай, банкомат ақшаны қайтарып берген. Жәбірленуші ақшаның кері қайтқанын көрмеген. Осы сәтті пайдаланған ер адам ақшаны алып, қашып кеткен.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды