Басы – үміт, соңы – өкініш: Рыбакинаның жеңісінен гөрі, жеңілісі көбейді

03.11.2024, 11:41
1016
Басы – үміт, соңы – өкініш: Рыбакинаның жеңісінен гөрі, жеңілісі көбейді ANDRE PICHETTE / EFE

WTA қорытынды турниріне қатысқан Елена Рыбакина жарыс басталар-басталмастан жеңіліп қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан WTA (Women's Tennis Association) қорытынды қорытынды турниріне маусымдағы нәтижелер бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисші ғана жолдама алған еді.

2 қараша күні бастау алған қорытынды жарысқа жолдама алғандардың қатарында еліміздің 1-ракеткасы, ал әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина болды.

Өте беделді саналатын WTA қорытынды турниріне қатысу мүмкіндігі – Рыбакинаның мансап жолындағы осымен екінші рет қол жеткізе алған жолдамасы. Сондықтан бұл жарыс оның карьерасы үшін айтарлықтай аса маңызды деуге негіз бар.

Сонымен күлгін топ құрамында өнер көрсететін Елена Рыбакинаның қарсыластары боп белгіленгендер:

1. Италия – Жасмин Паолини (4-ракетка)

2. Қытай – Чжан Цинвэнь (7-ракетка)

3. Беларусь – Арина Соболенко (1-ракетка)

Бұлардың ішінде Рыбакинаның алғашқы қарсыласы италиан Жасмин Паолини (4) болды. 1 сағат 44 минутқа созылған тартысты жарыстың есебі 6:7 (5:7), 4:6 болып, жеңіс италиан қыздың еншісінде қалды.

Енді Елена Рыбакина ертең, 4 қарашада қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньге (7) қарсы бақ сынайды. Қытай теннисшісі беларусь Арина Соболенкодан (1) жеңіліп қалған еді.

Егер Рыбакина қытай қарсыласынан айласын асыра алса, онда жеңіске қандай да бір үміт бар деуге болады. Себебі әр топтан үздік шыққан екі ойыншы ғана жартылай финалға жолдама алады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды