Ақтөбеде итті жауыздықпен пышақтаған бала мектепішілік есепте тұрған боп шықты

Аиса Махамбет Редактор
03.11.2024, 13:50
2125
Ақтөбеде итті жауыздықпен пышақтаған бала мектепішілік есепте тұрған боп шықты бейнежазбадан алынған кадр

Ақтөбеде итті жіпке байлап, теуіп, аяусыз пышақтап өлтірген баланың ісін комиссия қарады. Алдағы уақытта баламен психологтар жұмыс істейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, баланың өзі қазір тергеуде екен. Ал облыстық білім басқармасы баланы тәрбиелеу үшін бірнеше амалын қарастырып жатыр. Мәлім болғандай бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрған. 

“Тергеу амалдары аяқталған соң, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысына шығарылады. Психологтар сауықтыру жұмысының жоспарын дайындап қойды. Жоспар аясында балаға психологиялық қолдау көрсету, агрессивті мінез-құлқын түзету және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу шаралары қарастырылған.

Сонымен қатар, ата-анасымен бірлескен кеңестер өткізіп, отбасы жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Мектеп әкімшілігі де оқушының білім алуына және тәртібін қадағалауға ерекше назар аударатын болады. Екінші бала да назарда болады. Немқұрайлы болмас үшін тәрбиелік, психологиялық жұмыстар жүргізіледі”, — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Еске салайық, Ақтөбедегі ауылдардың бірінде оқушы мойнына жіп байланған итті сүйреп, қатыгездікпен пышақтап тастағаны туралы хабарлаған едік. 

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады