920

Балық аулаймыз деп адасып кеткен екі ер адам табылды

Құтқарушылар екі адамды аман алып қалды.

Балық аулаймыз деп адасып кеткен екі ер адам табылды
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ТЖМ құтқарушылары адасып қалған балықшыларды құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.    

«Түнде 112 пультіне Ұлытау облысында екі адам Сарысу көлінде балық аулауға барғаны және байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түсті. Келген ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жүзіп кетіп, адасып кеткен 1960 және 1968 жылдары туған ер адамдарды тапты. Олар зардап шеккен жоқ», — делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да жағаға жете алмай қалған 4 балықшы құтқарылғанын жазған болатынбыз. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор