Астық көп, сақтайтын орын жоқ: Диқандар Президенттен көмек сұрады

04.11.2024, 11:05
935
Астық көп, сақтайтын орын жоқ: Диқандар Президенттен көмек сұрады agrobk.ru

Еліміздің астықты өңірлерінің бірі саналатын Солтүстік Қазақстан облысынан шу шықты. Жергілікті диқандар астықтарын элеваторларға өткізе алмай, салдарынан қар мен жаңбырға тиген өнім шіри бастаған.

Диқандар жергілікті әкімдіктен көмек болмаған соң әлеуметтік желіде жазба жариялап, Президенттен көмек сұрады. 

«Ана жерде бидай жатыр, әрі қарай арпа үйілген. Осылайша жиналған астықты қырманда сақтауға тура келіп жатыр. Мұның бәрі бүлініп, шіріп жатыр. Өйткені жақын маңдағы элеваторлардың барлығы толық, бидайды қабылдамай жатыр. Олар артатын вагондар жоқ дейді. Былтырғы жыл да қиын болды. Жинап алған астықты былтыр да дұрыс іске жарата алмадық. Биыл оқиға қайталанып жатыр. Сіз неге бұл жүйелі түрде қайталанатынын анықтап, тәртіпке салсаңыз екен. Бұл жүйелі түрде жылдан жылға қайталанатын мәселе, шешілмей жатыр. Күзгі орақ басталғанда біздегі бар вагондар жоқ болып кетеді. Элеваторлар бірден толып қалады. Жақсы өнім алған жылы үнемі осылай. Мәселені шешуіңізді сұраймын», - дейді кәсіпкерлер. 

Диқандар бұл мәселе жедел шешілмесе, банк алдындағы берешектерін қайтара алмайтынын алға тартып отыр.

«Камаз көлігінің жүргізушілері бидайды жақын маңдағы элеваторға жеткізу үшін әр келісіне 5 теңге сұрайды. Делдалдар бидайды элеваторға кіргізу үшін әр келіге 10 теңге алады. Бидайдың өз бағасы40 теңге. Соның жартысын элеваторға кіргізу үшін беру өте қымбат. Сондықтан шара қолданып, жағдайды реттеуді сұраймын», - дейді диқандар. 

Синоптиктер алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауатынын болжап отыр. Бұл мәселе жедел шешілмесе, Солтүстік Қазақстан облысының диқандары банкрот болуы мүмкін.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді