Мемлекеттік рәміздер қоқыс полигонынан табылды

04.11.2024, 12:16
1253
Мемлекеттік рәміздер қоқыс полигонынан табылды бейнежазбадан алынған кадр

Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіліп, зор құрмет көрсетілетіні белгілі. Өкінішке қарай, ту мен елтаңбаға бей-жай қарайтындар жоқ емес.

Мәселен, Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан қоқыс полигонынан Мемлекеттік рәміздердің табылғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті.

Аудан әкімдігі бейнежазба Талғар ауданына қарасты Қайнар ауылдық округінің Еркін ауылының аумағында орналасқан қоқыста түсірілгенін растады.

«Әкімдік қызметкерлері полигон алаңын тексерді. Тексеру кезінде аталған мемлекеттік рәміздердің жанында білім беру мекемесі колледждің құжаттары бар екені анықталды. Басқа мән-жайлар тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта полигон орнынан Мемлекеттік рәміздер алынып тасталды. Аталған Мемлекеттік рәміздер Талғар ауданының мемлекеттік мекемелеріне тиесілі емес», - деп хабарлады әкімдіктен.

Алматы облысының Полиция департаменті Мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Талғар аудандық полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырды. Кінәлі адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады»,  - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды