Хасан Қасымбаевқа қандай айып тағылып отыр?

04.11.2024, 13:29
1479
Хасан Қасымбаевқа қандай айып тағылып отыр? коллаж smartnews.kz

Халық қамаудың Шерзаттың өліміне қатысы бар-жоқ екенін білмей дал болған еді. Бас прокуратура қамаудың себебін айтты.

Бұған дейін «Хутор» бандасының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаевтың қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Бас прокуратура азамат А.Әлімовті ұрлау және ұрып-соғуға қатысты қылмыстық істерді қайта қарады. Қылмыс 2021 жылдың 17 маусымында Талғар қаласы Рысқұлов көшесіндегі «Виктория» кешенінің алдында болған. Белгісіз біреудер жәбірленушіні соққыға жығып, Audi-C4 көлігімен ұрлап әкетті. Ол дене жарақаттарымен орталық облыстық ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер алдын ала «бас миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы және екі жағынан параорбитальды гематома» диагнозын қойды.

Тергеу нәтижесінде қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталды: Қалымжанов М., Ақтанов С., Сұлтанбеков Н., Қуанышбеков С., Аукенов Қ. және Әлиев Р. Қалымжанов М., Ақтанов С. және Әлиев Р-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы және 125-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс Талғар аудандық сотына жіберілді. Алайда олар шартты түрде сотталды.

Қылмыс 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында болған жанжалдан кейін кек алу мақсатында Хасан Қасымбаевтың нұсқауы бойынша жасалғаны анықталды. Жанжал кезінде атыс қаруы қолданылды. Еңбекшіқазақ аудандық сотының үкімімен М.Қалымжанов пен оның сыбайластары шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты прокуратура ҚР ҚК-нің 125-бабы («адам ұрлау») және 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс тіркеп, оны Алматы облысы полиция департаментінің қарауына жіберді.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды