1121

Актер Еркебұлан Тоқтар октагонда кезекті қарсыласын бір минутта нокаутқа жіберді

Octagon 63 турнирінде үндістандық қарсыласын 8 секундта сұлатып салған Еркебұлан Тоқтар кезекті қарсыласын нокаутпен ұтты.

Актер Еркебұлан Тоқтар октагонда кезекті қарсыласын бір минутта нокаутқа жіберді
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, соңғы жекпе-жегінде үндістандық Кушал Вясты (11-17) 8 секундта сұлатып, ең жылдам жеңіс ретінде рекорд қойған Еркебұлан Тоқтар кезекті рет жылдам жеңіске жетті.

Отандасымыз Астанада өткен Dala Fighting Championship турнирінде мысырлық қарсыласы Хайсам Эльсаидпен жұдырықтасып, бір минутта нокаутқа жіберді. Осылайша, Тоқтар кезекті жекпе-жегінде жарқын жеңіске қол жеткізіп отыр. 

Айта кетейік,  Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, соның тоғызында жеңіске жетсе, үш рет ұтылып қалған еді.  

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор