Алиментті өз қажетіне жұмсаған: Жеке сот орындаушыларға да сенім жоқ

04.11.2024, 16:34
1198
Алиментті өз қажетіне жұмсаған: Жеке сот орындаушыларға да сенім жоқ коллаж smartnews.kz

Соңғы уақытта кейбір жеке сот орындаушылардың әккі әрекеті әшкере болуда. Өндіріп алынған қаржының діттеген жерге жететініне сенім жоқ. Бас прокуратура жеке сот орындаушыларының өндіріп алушыларға арналған алиментті ұрлау фактілерін жариялады.

2022 жылы прокуратура жеке сот орындаушылары өндіріп алушылардың 1,1 млрд теңге ақшасын заңсыз иеленгенін анықтады.

«Борышкерлерден ақша қаражаттары ағымдағы есепшоттарға түскеннен кейін жеке сот орындаушылары оларды қолма-қол ақшамен шешіп алып, банктік депозиттеріне аударған және пайыз алған, жұбайларына аударған, өз қалауы бойынша иелік еткен. Анықталған фактілер бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 251-бабы (жеке сот орындаушыларының өкілеттіктерін асыра пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі 16 тергеу бастады. Кейіннен залалдың толық өтелуіне байланысты қылмыстық істер тоқтатылды», - деп атап өтті ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай.

Осыдан кейін Бас прокуратура Әділет министрінің атына жеке сот орындаушыларының ағымдағы есепшоттарына бақылау жүйесін енгізу ұсынысын жолдады. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 9 жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданылуы тоқтатылды және 55 адам тәртіптік жазаға тартылды.

Астана прокуратурасы 2023-2024 жылдары сот орындаушыларының ақша қаражаттарын иемденуінің бірнеше фактісін анықтады. мәселен, сот орындаушысы А.Аблахан 6 ай бойы борышкерлерден алимент төлемдерін алып, оны жеке қажеттілігіне жұмсаған. Ол осы заңсыз әрекеті арқылы 34 балаға 1,2 млн теңге мөлшерінде залал келтірді. Аталған факті бойынша сотқа дейін тергеу жүргізіліп, ол шығынды толық көлемде өтеді. 2024 жылдың 5 ақпанында тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ал жеке сот орындаушысы О.Османов алимент ретінде түскен 1 млн теңгені баласының жеке есепшотына аударып алған. Бұл ретте де сот орындаушысының шығынды толық өтеуіне және тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

«Жалпы, соңғы 2 жылда прокуратура органдарына жеке сот орындаушыларының іс-әрекетіне қатысты 6 973 шағым түсті. Олардың басым бөлігі сот актілерінің орындалмауына, сот орындаушыларының әрекетсіздігіне және олардың борышкерлерге шара қолданбауына қатысты болды», - деді прокуратурадан.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады