3043

Жауапсыз махаббат үшін өскемендегі қаршадай қыз өз-өзіне қол салып, қаза болды

17 жастағы қыз өлер алдында хат жазып қалдырған.

Жауапсыз махаббат үшін өскемендегі қаршадай қыз өз-өзіне қол салып, қаза болды
UNICEF/2014/Giacomo Pirozzi

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері азаймай жатыр. Айта кететін жайт, Өскемен қаласында 17 жастағы студент қыз өз-өзіне қол салды.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұм толық емес отбасынан шыққан.

 "Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің көбейгені көңіл қынжылтады: 2024 жылы 22 оқиға тіркелген болса, былтыр жеті оқиға болды.

Кәмелетке толмағандардың мұндай қадамға баруының себептері әртүрлі: отбасылық жанжалдар мен оқудағы қиындықтардан бастап, достарымен қарым-қатынастағы қиындықтарға дейін әсер етіп отыр. Оның үстіне жасөспірімдер көбіне өздеріне зиян тигізгісі келмесе де, бопсалау мақсатында да суицидке әрекеттенеді", - деп атап өтті департаменттегілер.

Болжам бойынша, студент қыздың өліміне жауапсыз махаббат себеп болған. Ол суицид жасаудың алдында хат жазып кетіпті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор