«Оңбағандар, мені алдап кетті»: әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов алғаш түскен фильмі туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
04.11.2024, 19:37
3249
«Оңбағандар, мені алдап кетті»: әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов алғаш түскен фильмі туралы айтты жеке мұрағатынан

Уәлибек Әбдірайымов киноға түсуге шақырған әзілкеш Қайрат Әділгерей алдап соққанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық танымал әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов өзін толық метрлі фильмде актер ретінде сынап көрді. Белгілі актер Қайрат Әділгерей оны киноға түсу үшін көндіру оңай болмағанын жеткізді. 

Қайрат Әділгерей "Кеттік бәрін таста" фильміне Уәлибек Әбдірайымовты көндіру үшін барын салғанын айтты.

"Уәлибек Әбдірайымов бізде әзілдің атасы ғой. Кастинг директор бізге қалай болса да Уәлибек Әбдірайымовты осы киноға шақыру керек екенін айтады. Бұл оңай іс болған жоқ. Бұл кісі бұған дейін қаншама кинодан бас тартты. Қалай келіскенімізді айтпай-ақ қояйын. Оны көндіру үшін барымызды салдық. Ағамыз сөзімізді жерге тастамады. Әлі күнге дейін рақмет айтамын", - деді актер.

Уәлибек Әбдірайымов та алғаш түскен фильміне қатысты пікір білдірді.

"Сценарий ұнады. Маған "құлдардың атаманы боласыз" деді. "Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?" деп сұрадым. Маған ондай болмайды деді. Сосын келістім. Бірақ мен түскен жерлерде ғана болмапты ондай сөздер. Оңбағандар, мені алдап кетті. Мен бұл киноға бір сөз айтуға ғана бардым. "Шаншарда" хит болған сөзіме бола түсіріпті ғой. Бір сөз үшін ғана түсірді", - деді әзілкеш "Қызық Times" бағдарламасында.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды