Тойда тамақтан уланған қонақтар мейрамхана қожайынынан 6 млн теңге талап етті

06.11.2024, 09:33
845
Тойда тамақтан уланған қонақтар мейрамхана қожайынынан 6 млн теңге талап етті alkanovgroup.kg

Екібастұздағы той қонақтары мейрамхана иесінен тамақтан ұшынғаны үшін 6 млн теңге өтемақы беруін талап етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сәуір айында той үстінде тамақтан уланып қалған 16 адам Екібастұздағы «Grand Hall» мейрамханасының иесінен жалпы сомасы 6 млн теңге талап еткен. Олар жергілікті сотқа ұжымдық талап арыз түсірген. Бұл туралы Kazinform жазды.

Тойдағы астан уланып қалған соң Екібастұз қалалық ауруханасына жалпы саны 90-ға жуық адам қаралған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, олардың барлығында тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілері болған.

Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Әубәкірованың айтуынша, тамақтан ұшынған 16 адам мейрамхана иесін сотқа беріп, материалдық және моральдық шығын өндіріп алуға арыз берген.

— Бұл азаматтардың барлығы улану оқиғасынан соң екі аптадай стационарлық ем қабылдаған. Қымбат дәрі-дәрмек сатып алған. Ауруға байланысты жұмыста бола алмай, табыстарын жоғалтқан. Қазір сот істі қарап жатыр. Аталған тойда барлығы 94 адам тамақтан уланғаны анықталып отыр. Біразынан сальмонеллоз анықталды. Мейрамхана сол уақытта рұқсатсыз жұмыс істеп тұрғаны да белгілі болған. Сальмонеллоз сонда жұмыс істейтін қызметкерден жұққан, — дейді Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Әубәкірова.

Қазіргі уақытта полиция кәсіпкерлік нысанын тексеріп жатыр. Құқық қорғаушылар аталған оқиғада қылмыстық әрекеттің болу-болмауын анықтайды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды