1437

Макронның мемлекеттік қабылдауына Тоқаевпен бірге Димаш Құдайберген мен Елдос Сметов барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауына қатысты.

Макронның мемлекеттік қабылдауына Тоқаевпен бірге Димаш Құдайберген мен Елдос Сметов барды
Aqorda

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға барды. Тоқаевпен бірге аталған салтанатты кешке Халық әртісі Димаш Құдайберген, Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов және Париж паралимпиадасының чемпионы Давид Дегтярев барған.

Мемлекет басшысының құрметіне орай Франция Президенті Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді.

Сурет: Aqorda

Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылған.

Суреттерден қазақстандық дзюдошы, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовты көруге болады.

Сурет: Aqorda

Сонымен қатар, қабылдауға 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы болған пауэрлифтер-паралимпиадашы Дэвид Дегтярев келген.

Сурет: Aqorda

Сонымен қатар іс-шараны әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өз көзімен көргенін де айта кету керек.

Сурет: Aqorda

Мемлекеттік қабылдау аяқталғаннан кейін Эммануэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевқа үстел теннисінен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Алексис Лебренді таныстырған.

Фотосуреттерде олардың партия ойнағанын байқауға болады.

Сурет: Aqorda

Материал авторы