1060

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алғысы келмейтіндер де бар

Ел билігі мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін естен шығарған емес. Әсіресе, оларды жұмыспен қамтуға баса мән беріліп отыр. Десе де, кейбір өңірлердің басшылығы бұл шаруаға атүсті қарап, жұмыспен қамту көрсеткіші төмен болып отыр.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алғысы келмейтіндер де бар
Getty Images/iStockphoto / Wavebreakmedia

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

«Маңызды мәселелердің бірі – мүгедек жандарды жұмыспен қамту. 1 қарашадағы жағдай бойынша 148 мың адам, яғни жұмысқа қабілетті халықтың 39%-ы жұмыспен қамтылған. Бірақ өңірлерде жұмыспен қамту деңгейі 50%-ға да жетпейді.

Жұмыспен қамту саласында жетекші орындар бойынша ғылыми қызмет (28%), мемлекеттік басқару (12%), білім және сауда (9%-дан), денсаулық сақтау (7%) салалары алда келеді.

Мамандығы бойынша мүгедектігі бар адамдардың 21%-ы кәсіби маман, 19%-ы біліктілігіжоқ жұмысшы, 13%-ы – техник-мамандар, 11%-дан басшылар мен мемлекеттікқызметшілер санаты», - деді министр.

Материал авторы