«Қорқаулар тістеп-талап, өлтіріпті»: белгілі ақын Ершат Қайболдин марқұм Шерзаттың рухына арнап өлең шығарды

Аиса Махамбет Редактор
06.11.2024, 11:22
2637
«Қорқаулар тістеп-талап, өлтіріпті»: белгілі ақын Ершат Қайболдин марқұм Шерзаттың рухына арнап өлең шығарды коллаж smartnews.kz

Ақын небәрі 16 жаста өмірден өткен Шерзаттың қазасына себепкер болғандар мен жазадан құтылмақ болған қылмыскерлерді жырымен сынап өткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақтөбелік белгілі ақын Ершат Қайболдин жақында ғана Талғардағы жаппай төбелес кезінде аяусыз өлтірілген марқұм Шерзат Болатқа жыр жолдарын арнады.

Жантебірентер жырды ақын өзінің желідегі жеке парақшасында жариялаған. 

(Шерзаттың рухына)
Бөлтірігім

Арланның артындағы бөлтірікті,
Қорқаулар тістеп-талап, өлтіріпті.
Қасқырдай қандасына қас қылмайтын,
Сағындым Сақ пен Ғұнды, Ер Түрікті.

Дәурені жүріп тұр-ау шибөрінің,
Қиналмай бөлтіріктің қиды өмірін.
Көкбөрім көкке қарап ұлыса да,
Шешкен жоқ құл қамытын, би бөрігін.

Өлеңді оқыған желі қолданушылары көздеріне жас алып, ақынға шығармашылық табыс тіледі. 

Олар “Сол баяғы сор қазақ, намысты үйретпейміз-ау ұлымызға”, “Керемет туынды”, “Төбем шымырлап кетті ғой” секілді пікірлер қалдырды. 

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)