«Міне, тәрбие! Нағыз ауылдың баласы»: 3 күн бұрын әлем чемпионы атанған Төрехан еңбекқорлығымен жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

06.11.2024, 11:51
1468
«Міне, тәрбие! Нағыз ауылдың баласы»: 3 күн бұрын әлем чемпионы атанған Төрехан еңбекқорлығымен жұртты сүйсінтті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Әлем сарапшылары «Азия сойқаны» деп атап кеткен 18 жастағы чемпионымыз Төрехан Сабырхан туған жеріне орала сала үй шаруасына кірісіп кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Азия чемпионатында 4 дүркін жеңіске жеткені үшін әлем сарапшылары арасында «Азия сойқаны» атанып кеткен Төрехан Сабырхан кеше ғана әлем чемпионы атағын алды. Енді бүгін чемпионның ат ерттеп, қора тазалап жүргені жанкүйерлерін қатты таңғалдырды.

67 келі салмақта жұдырықтасып жүрген Төрехан Сабырхан Қаратау еліндегі (Черногория) әлем чемпионатынан орала сала үй шаруасына кірісіп кеткен. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Төреханның ат ерттеп, даладағы жұмыстарды атқарып жүргенін көруге болады. Желі қолданушылары оның қарапайымдығы мен тәрбиесіне тәнті болды. 

"Түзде мейлі кім бол, ата анаңның үйінде әрдайым қызметте болу керек! Ұлық болсаң кішік бол деген осы! Әр спортшымыз осындай тәрбиеде болса шіркін", "Құдай қаласа Олимпиада чемпионы бол", "Керемет тәрбие, тәртіп", "Алтын жігіт қой", "Өте қарапайым, жарайсың", "Осындай тәрбие берген ата-анасына рақмет", "Ауылдың қарапайым баласы. Әрқашан да осындай қарапайым, кішіпейіл бол", - деп жазды желідегілер. 

Еске салайық, Төрехан Сабырхан былтырғы әлем чемпионы, биыл Париж олимпиадасына қатысқан Махмұд Сабырханның туған інісі. 2006 жылы туған жалынды боксшы Төрехан осыған дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген чемпион.

Ол бұған дейін жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына 4 рет қатысып, төртеуінде де алтын медальға ешкімнің қолын жеткізбей, бір өзі алқалап әкеткен абсолют чемпион. 4 дүркін жеңісі арқылы Қазақстан рекордын жаңартқан былғары қолғап шебері.

Аталған рекордынан соң Төрехан әлем сарапшылары арасында «Азия сойқаны» (Asian Storm) атанып үлгерген. Бұл есім оның кез келген қарсылас алдында ширақ та, шапшаң қозғала жүріп, сойқан жұдырықты дәл беріп үлгеретін қарқыны үшін қойылса керек. Кеше ғана Қаратау елінде өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында да Төрехан ерекше техникасымен жанкүйерлер есінде ерекше қалған үздік боксшы болды. 

 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды