Жұмыс істейтін зейнеткерлер зейнетақыдан қағыла ма?

06.11.2024, 13:53
944
Жұмыс істейтін зейнеткерлер зейнетақыдан қағыла ма? коллаж smartnews.kz

Зейнеткерліктің «ауылына» қадам басса да әлі күнге дейін жұмыс істейтін азаматтар аз емес. Тәжірибелі маман болғандықтан жұмыс беруші өзі қалап шақыратыны белгілі.

Жуырда «жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер зейнетақы алмауы мүмкін» деген ақпарат тараған еді. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бұл мәселеге жауап берді.

«Өткен жұмада Еңбек ресурстарын дамыту орталығында БАҚ өкілдерімен бейресми кездесу өткіздім. Бұл сауал сол кездесуде қойылды, бірақ менің жауабымнан контексті жұлып алған. Мен зейнетке шығудың 2 тәсілі барын яғни ерте және кеш шығу және бұл әзірге ұсыныс екенін айттым. Бұл ұсыныс қазір зейнетақы алып отырған азаматтарға ешқандай кедергі келтірмейді. Олар қалай зейнетақысын алды, қалай жұмыс істеп отыр, солай әрі қарай жалғаса береді», - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, бұл ұсыныс Үкіметтің қарауына әлі енгізілмеген.

«Қазір болжам жасап, еңбек нарығын қарастырып отырмыз. Биыл еңбек нарығына 300 мың жас келді. Оларға жұмыс орындары да керек. Сондықтан сарапшылар осындай ұсыныс беріп отыр»,- деді министр. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)