Оралдық келіншек бұрынғы күйеуін өлтіру үшін 2 млн теңгеге киллер жалдаған

Аиса Махамбет Редактор
06.11.2024, 17:49
1415
Оралдық келіншек бұрынғы күйеуін өлтіру үшін 2 млн теңгеге киллер жалдаған коллаж smartnews.kz

Күйеуі бұрынғы әйеліне арыз жазудан бас тартты. Белгілі болғандай, отбасы болған уақытта Еркебаев өз әйелін жиі ұрып-соғатын болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оралда 40 жастағы әйел өзінің бұрынғы күйеуін өлтіру үшін 2 миллион теңге беріп адам жалдаған. Полицейлер қылмыстың алдын алды. Алайда сотта оның күйеуі арызданудан бас тартып, әйелді босатуды өтінді. Аталған жайт туралы Астана арнасының жаңалықтар қызметі жеткізді.

Іс Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қастандық жасау әрекеті бойынша қаралды. 

40 жастағы Эльвира Еркебаева күйеуі Ербол Еркебаевты өлтіргісі келген. Кейін өзінің 33 жастағы танысы Максим Кузнецовтан қару қолданып, кісі өлтіре алатын адам тауып беруін өтінген. Ол бұл қызметке 2 миллион теңге ұсынған. 

Ал Кузнецов бұрын сотталған досы Галиевке осы ұсынысты айтқан. Ол келіскенімен барлығын полицияға айтып отырған. 

"Кісі өлтіру" Ақсайдағы "Бейбарыс" спорт кешенінің аумағында жоспарланады. Кузнецов Галиевке 1,3 миллион теңге, терезе жақтауын бұзуға арналған бұрағыш, қолғап, медициналық маска мен көзілдірік береді. Ал 26 ақпанда Галиев Ербол Еркебаевты өлтіргендей жалған әрекет жасайды. Содан кейін полицейлер Эльвира Еркебаева мен Кузнецовты ұстайды.

Алайда сотта әйелдің күйеуі өзін жәбірленуші деп санамайтынын мәлімдеді және бұрынғы әйелін жіберуді өтінді. Тіпті оған өтініш жазбағанын атап өтті.

“Мен жәбірленуші емеспін. Әйеліме ешқандай шағымым жоқ. Жалпы, сот оларды дәл қазір босатсын. Ажырасу – бұл жай ғана қағаз. Мен үшін бұл ештеңе білдірмейді. Эльвира менің әйелім және солай болып қалады”, - деді Еркебаев.

Еркебаев Эльвирамен арасында мүлікке талас сияқты шағымдардың болмағанына сендірді. Сондай-ақ ол бір жылдан бері бұрынғы жарын көрмегенін мәлімдеді. 

“Ол таблетка ішіп, өз-өзіне қол жұмсағысы келді. Жедел жәрдем оны аман алып қалды. Бірақ ол үйге оралмады”, - деді жәбірленуші.

Бұдан кейін сотталушы жылады. Эльвираның анасы да көз жасын ұстай алмады. Ол бұрынғы күйеу баласының қызын жиі ұрып-соғатыны, бірақ қызының мұны туыстарынан жасырғанын жеткізді.

“Біз бір подьезде тұрамыз. Тек олар үстіңгі қабатта. Мен олардың пәтерінен қатты шуды естіп, не болып жатқанын білу үшін үйлеріне бардым. Эльвира есікті ашты, бәрі жақсы екенін айтты, күйеуі бір таныстарына ұрысып жатқанын айтты. Бірақ қатты шу тағы қайталанғасын бір күні учаскелік бөлімшелерді шақырдым. Өйткені мен қызым мен немерелерім үшін қатты қорқып кеттім. Олар келді, бірақ көмектесе алмады. Тек сөйлесіп, кетіп қалды. Ол мүгедек болса да, (екі аяғы жоқ) өте күшті. Өйткені ол спортпен айналысады”, — деді Элвираның анасы.

Сотталушының әпкесі де Элвираның күйеуінің бұрын қылмыспен байланысы болғанын хабарлады. Ол өте қатыгез және ашулы адам.

“Соңғы рет өз-өзіне қол жұмсап, әпкем аман қалған кезде кетіп бара жатқанында күйеуі көліктің дөңгелектерінің астына жүгірді. Оны уақытында тоқтатты”, - деді Эльмираның әпкесі Еркебаева.

Сот жалғасады. Сотталушылар 99-баптың 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша - "адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған “кісі өлтіру" бойынша айыпталады. Олар 20 жылға немесе тіпті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген