Футбол емес, жемқорлық дамып жатыр – Қазыбек Иса

06.11.2024, 18:39
1189
Футбол емес, жемқорлық дамып жатыр – Қазыбек Иса коллаж smartnews.kz

Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның айтуынша, 2018-2023 жылдары «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы «Астана» футбол клубына 50,1 млрд теңге, «Барыс» хоккей клубына 48,8 млрд теңге, «Astana Qazaqstan Team» велосипед клубына 31,5 млрд теңге бөлген. Яғни, квазимемлекеттік сектордан 4 клубқа ғана 6 жылда 138 млрд теңге жұмсалған.

«Футболды дамысын деп қанша қаржы бөлсек те, футбол емес, жемқорлық дамып жатыр. FIFA рейтингісі бойынша 110-130-орындардан аса алмай келеміз. Ал футболдағы «келісілген ойындар» саны бойынша әлемдік рейтингіде 4-орындамыз.

Төрт ойында қақпасына 8 гол кіргізіп, ойсырай жеңілген, бір де бір жеңіске жетпеген футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері С.Черчесовке біздің Ә.Бәрменқұлов басқаратын Қазақстан футбол федерациясы 640 млн тг төлейді дейді. Осы 640 млн теңгені 8 голға бөлейік. Сонда біз пұлымызды мақтайтын, тілімізді таптайтынЧерчесовке қарсыластың емес, біздің ұлттық құраманың қақпасына салғызған әр голы үшін 80 миллион теңге төлеп отырмыз», - деді ол.

Мәжіліс депутаты Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі барлық спорт федерациясы мен кәсіби спорт клубтарына ревизия жүргізу керек екенін алға тартып отыр.

«Кәсіби спорт, футбол – бұл негізі бизнес. Сондықтан бюджетке байланған футбол және басқа да кәсіптік клубтардың барлығын жекешелендіріп, мемлекеттен қаржыландыруды тоқтату қажет. Мемлекет қаржысы балалар мен жасөспірімдер мектептеріне, ұлттық спортқа, бұқаралық спортқа жұмсалуы керек. Осы уақытқа дейін мемлекеттен жалпы спортқа, соның ішінде футбол саласына бөлінген қаржының есебіберілуі тиіс. Өйткені, ол халық қаржысы», - деді Қазыбек Иса.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды