«Қырық жылғы қыртымбай әңгімелерін әлі айтып жүр»: Белгілі журналист Қайрат Әділгерейдің фильмін көрмеуге кеңес берді

Аиса Махамбет Редактор
06.11.2024, 19:33
3910
«Қырық жылғы қыртымбай әңгімелерін әлі айтып жүр»: Белгілі журналист Қайрат Әділгерейдің фильмін көрмеуге кеңес берді әлеуметтік желіден

Белгілі журналист Диас Нұрақын әзілкеш Қайрат Әділгерейдің су жаңа фильмін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, БАҚ өкілі Диас Нұрақын туындыны жеке парақшасында аяусыз сынап, текке қаржы жұмсамауға шақырды. 

“Күйбең тірлік бітпейді, “кеттік бәрін таста” деп келіншегімді ертіп киноға бардық. Енді алтын уақытымды, билетке төлеген 5400 теңгемді ойлап ішім ашып отыр. Жарнамасы жер жарған "Кеттік, бәрін таста" деген кино нағыз қырт екен. Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтан шедевр күтіп жүрген мен де жынды. Ерлан Біләл мен "Шаншардағы" Уәлибек көкем де кредиттерін төлей алмай қиналып жүрген сияқты. Әйтпесе мән-мағынасы, езу тартар тұсы, тіпті мазмұны жоқ мұндай киноға түспес еді. "Жәй жүрсіңдер ме, шәй ішесіңдер ме?" деген қырық жылғы қыртымбай әңгімелерін әлі айтып жүр. Бұл фильмнен рухани азық аламын, ішкі мәдениетімді көтерейін деп жүрген мен жоқ. Жай әшейін жеңіл әзіл көріп, қазақы қалжың естіп, ми тынықтырайын дегенмін. Қысқасы, қырттардан қырт фильм туады, қырттың жолын қырт қуады екен. Ақшаңды аямасаң да, өзіңді аяп бұл киноға бармай-ақ қойыңыздар. "Базар жоқтың" деңгейінен әрі аспаған әртіссымақтардың фильмінен "Не шутите с Зоханом" деген кино әлдеқайда қызық, –  деп жазды журналист. 

Айта кетейік фильмге түскен актер Уәлибек Әбдірайымов продюсердің алдап кеткенін айтқан еді. 

“Сценарий ұнады. Маған "құлдардың атаманы боласыз" деді. "Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?" деп сұрадым. Маған ондай болмайды деді. Сосын келістім. Бірақ мен түскен жерлерде ғана болмапты ондай сөздер. Оңбағандар, мені алдап кетті. Мен бұл киноға бір сөз айтуға ғана бардым. "Шаншарда" хит болған сөзіме бола түсіріпті ғой. Бір сөз үшін ғана түсірді", – деген еді әзілкеш 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)