«Нан – 2 мың, шай – 3 мың»: Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ашқан мейрамханадағы баға көпшіліктің ашуын туғызды

Аиса Махамбет Редактор
06.11.2024, 20:40
7612
«Нан – 2 мың, шай – 3 мың»: Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ашқан мейрамханадағы баға көпшіліктің ашуын туғызды жеке мұрағатынан

ҚР халық әртісі Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ашқан “Дайдидау” мейрамханасындағы тамақтардың бағасы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі журналист Ақбаян Сапарбай жеке парақшасында видео жариялап, қызмет көрсету пайызы қосылмайтынын айтты. 

“Міне, маркетинг! Дайдидау мейрамханасында тамақтанып болған соң, таза қазақы жазылған және қызмет көрсету пайызы қосылмаған түбіртекті көріп риза болдым да, тик-токқа жүктей салдым. Сөйтсем, сол сәтте 2500 адам өз парақшасына алып кетіпті. 1 миллионнан астам адам қарап шықты. Маркетолог жалдап, арнайы жарнама жасасаң да кейде осындай нәтиже бермейді. Сондықтан, шынайылық қашан да құнды. Өз бизнесін дамытқысы келетіндер осыны ескеру керек!”, – деп жазды журналист. 

Алайда желі қолданушылары мейрамханадағы тамақтардың қымбат екенін жарыса жазып жатыр. 

“Шай бағасы 3 мың теңге болатындай, неғылған шай ол?!”, Қуырдақ бағасы – 7500 теңге”, “3 мың теңгеге бір келі шай аламын”, “Димаштың отбасы да ақшаға құныққан екен”, “Бағасы өте қымбат, бірге бірді қосыпты”, “Үндістаннан шайды өздері өндіріп әкелетін шығар?!”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, мейрамхана әншінің қарындасы Раушан Құдайбергенге тиесілі екенін жазған едік. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды