860

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірлердегі тасжолдар жабылды

Бүгін дауылды ескерту жарияланып, бірнеше тасжол жабылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірлердегі тасжолдар жабылды
qaj.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «ҚазАвтоЖол» қолайсыз ауа райына байланысты бес өңірде жолдар жабылғанын мәлімдеді.

Ақмола облысы

«Екатеринбург-Алматы» автожолының Атбасар қаласынан Жалтыр ауылына дейін аралығы;

«РФ шекарасы – Алматы» автожолының Қарағанды облысы шекарасынан Жібек Жолы ауылына дейінгі аралығы;

«Астана-Петропавл» автожолының Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін аралығы;

«Көкшетау-Атбасар» автожолының Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектеледі.

Қостанай облысы

«Жезқазған-Петропавл» автожолының Арқалықтан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.

Қарағанды облысы

«РФ шекарасы – Алматы» автожолының Ақмола облысының шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелді.   

Ақтөбе облысы

«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының Шалқар қаласынан М-32 және А-26 жол айырығына дейінгі аралығы;

«Самара-Шымкент» автожолының Қарабұтақ ауылынан М-32 және А-26 жол айырығына дейінгі аралығы;

«Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» автожолының «ЭкоОйл» жанарма стансасынан «Лидер» жанармай стансасына дейін аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Жамбыл облысы

«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды.

Түркістан облысы

«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының Жамбыл облысының шекарасынан Т.Рысқұлов ауылына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Материал авторы