Еркін күрестен 2 дүркін әлем чемпионы Нұрқожаға кәсіпкер темір тұлпар сыйлады

Аиса Махамбет Редактор
07.11.2024, 13:10
794
Еркін күрестен 2 дүркін әлем чемпионы Нұрқожаға кәсіпкер темір тұлпар сыйлады жеке мұрағатынан

Екі рет әлем чемпионы атағын алған балуанымыз Нұрқожа Қайпановқа бизнесмен су жаңа көлік мінгізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәсіпкер Zeekr 001 көлігін сыйлай отырып, еліміздің намысын қолдан бермеген Нұрқожа Қайпановқа қолдау білдірді.

Жақында ғанае ркін күрестен Тиранада өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Нұрқожа Қайпановқа меценат кәсіпкер Ерлан Қожасбай көлік берді. Ол спортшыға қолдау білдіріп, демеуші ретінде “Zeekr 001” көлігінің кілтін ұстатты.

"Әлем чемпионы атануыңмен құттықтай отырып, өзіңе, бапкерлеріне алғыс білдіремін. Осы жолда аянбай тер төгіп жүрсің. Оған өзім де куәмін. Біздің күрес академиясының шәкірті екеніңе мақтанамыз. Өзімнің, "Сәду-Аренаның" атынан сыйлық бергіміз келеді", - деді Ерлан Қожасбай.

Айта кетейік, Нұрқожа әлем чемпионатында бес белдесу өткізіп, барлығын айқын басымдықпен ұтты. Финалда жапон балуанын 6:3 есебімен жеңіп, Қазақстан еркін күрес тарихындағы екінші әлем чемпионы атанды.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген