Көңілдес әйелді өлтіру үшін 500 мың теңгеге тапсырыс берген әкім түрмеден шықты

Аиса Махамбет Редактор
07.11.2024, 13:58
4037
Көңілдес әйелді өлтіру үшін 500 мың теңгеге тапсырыс берген әкім түрмеден шықты бейнежазбадан алынған кадр

Серікқалиев 8 жылын түрмеде өткізген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, экс-шенеуніктің нақты жазасы шартты жазаға 2024 жылғы сәуірде ауыстырылған, алайда бұл туралы қазір ғана белгілі болып отыр. Бұл туралы mgorod.kz жазды.

БҚО-ның Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев өтелмеген жазаны шартты мерзімге ауыстыру туралы өтініш берген. Серікқалиев сот тағайындаған 11 жылдың 8 жылын түрмеде өткізген. Оның мерзімі 2027 жылғы 14 наурызда аяқталуы тиіс еді.

Сот мәліметінше, жазасын өтеу кезінде Серңкқалиев ереже бұзбай, іс-шараларға белсене қатысқан.

Естеріңізде болса, 2016 жылғы 23 ақпанда Теректі ауданының көңілдесіне екі адам шабуыл жасап, көптеген пышақ жарақатын келтірген. Әйел тірі қалып, Теректі ауданының ТКШ бастығының жүргізушісін танып қойған. Сот отырысы барысында әкім Жеңіс Серікқалиев өзінің досы – ТКШ бастығы Қожамұратовтан көңілдесін өлтіруді сұраған. Өйткені екеуінің ортақ қызы болғандықтан, әйел оны бопсалаумен айналысқан. Өз кезегінде Қожамұратов бұл тапсырманы өзінің жүргізушісіне жүктеп, оған 500 мың теңге берген.

Теректі ауданының бұрынғы әкімі мен оның сыбайластарына қатысты сот шешімі 2016 жылғы 1 қыркүйекте шығарылды. Оларға 10 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады