951

Қазақ футболын қалай дамытамыз – депутат мәселе көтерді

Сенаттың жалпы отырысында депутат Дархан Қыдырәлі Қазақстан футболына шетелдік легионерлерді тарту проблемасын, қаржыландырудың ашық еместігі және төрешілердің матч нәтижелеріне қатысты даулы шешімдері мәселелерін қозғады.

Қазақ футболын қалай дамытамыз – депутат мәселе көтерді
коллаж smartnews.kz

Оның айтуынша, Футбол федерациясы қазақстандық төрешілер мен жаттықтырушыларды дайындауды белсенді түрде қолдауы тиіс, өйткені қызмет ететін 155 төрешіні оқыту деңгейі жоғары стандарттарға сәйкес келмейді. Бұл Қазақстанның әлі де әлемдік турнирлерге төрешілер шығара алмай отырғанын және олардың деңгейін көтеру қажет екенін байқатты.

«Бір кездері бізбен деңгейлес болған, қазір командалары Олимпиада ойындары мен әлем, Еуропа чемпионаттарында көзге түсіп жүрген Грузия, Өзбекстан сияқты елдер балалар футболын қолдау, мамандар даярлау, инфоқұрылымды дамыту, бірыңғай жүйе қабылдау, футбол алаңдары мен стадиондар салу арқылы нәтижеге жеткені белгілі», - дедіД. Қыдырәлі.

Оның айтуынша, көптеген мемлекетте футболға қатысты арнайы заң қабылданған.

«Осы саладағы жүйесіздік пен жүгенсіздікті реттеу үшін бәлкім бізге де футбол туралы арнайы заң қабылдаудың уақыты келген шығар», - деді сенатор.

Материал авторы