835

Табысың қанша: Биыл қанша адам декларация тапсырды?

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлының айтуынша, биыл 10 айдың ішінде 2,1 млн адам табысын көрсетіп, декларация тапсырып үлгерген.

Табысың қанша: Биыл қанша адам декларация тапсырды?
inbusiness.kz

«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы «кіру» декларациясын 580 мыңға жуық мемлекеттік қызметші және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ, олардың жұбайлары тапсырды.

Екінші кезеңде, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны бейрезиденттерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары шамамен 2,1 млн жеке тұлға ұсынды», - деді Ерсайын Көптілеуұлы кірістер комитетінде өткен баспасөз мәслихатында.

Биыл коммерциялық емес ұйымдардың мүшелерін қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыратынын атап өткен жөн. Жалпы, 2024 жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша 2,1 млн адам декларация тапсырған.

Материал авторы