«Үй-күйсіз қаңғып кетті»: Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы далаға қонып жүр

Аиса Махамбет Редактор
07.11.2024, 19:06
860
«Үй-күйсіз қаңғып кетті»: Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы далаға қонып жүр бейнежазбадан алынған кадр

Сұлтанды америкалық отбасы асырап алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсеміз америкалық отбасы асырап алған жігіттің далада қалғанын айтты

Оның сөзінше, Сұлтан Кәрімов 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 3 жасында америкалық отбасы асырап алыпты. 

«Шетелдегі қазақ балалалары» бағдарламасына түскен баламыз қазір өмірдің ауыртпалығын тартып жүр. Үй-күйсіз далада түнеп жүр екен. Тұратын жері жоқ. Асырап алған адамдардан қайыр жоқ. Сұлтан бұған дейін Нью-Йорктегі белді университетке түскен еді. Алайда тұрмыс тапшылығынан оқуына бара алмай жүр. Өзі өте білімді, талантты жігіт. мүмкін біздің қолдауымыздан кейін аяғынан тұрып кетер, - деп жазды жоба авторы.

Америкалық отбасы Сұлтанмен бірге, тағы бір ұл баласын асырап алған. Оның америкалық ата-анасы қойған есімі — Ноа Маршалл.

2002 жылы мені АҚШ-қа алып кетті. Өзімнен бір жас кіші інім бар. Оны да сол балалар үйінен асырап алған. Асырап алған ата-анам мен сегіз жасқа келгенде ажырасып кетті. Сөйтіп екі үйдің арасында өстік. Интернеттен ата-анамды іздедім. Анамды табатын шығармын деген үміт болады. Құжаттарда туған әкем қайтыс болғаны жазылған. Шын ба, өтірік пе білмеймін, - дейді Сұлтан Кәрімов.

Жанар Байсеміз далада қалған Сұлтанға көмек көрсету үшін, реквизит ұсынды. Қазіргі уақытта 600 мың теңгедей қаражат жиналған. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады