«Айғақ үшін төсек-орынды алып кеттім»: полиция зорланған әйелдің арызын қабылдамаған (ВИДЕО)

08.11.2024, 11:36
2512
«Айғақ үшін төсек-орынды алып кеттім»: полиция зорланған әйелдің арызын қабылдамаған (ВИДЕО) depositphotos

Белгісіз ер адам оны жалдамалы пәтерге апарып зорлаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алматылық әйел Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросында өткен брифингте зорлықтың құрбаны болғанын айтты. Бірақ полиция жәбірленушінің арызын қабылдамаған көрінеді.

Алматы тұрғыны осы жазда зорлау әрекетінің құрбаны болған. Айтуынша, ол 8 маусым күні мектеп бітіргеніне 20 жыл толуын сыныптастарымен бірге атап өткен. Оқиғадан соң әйел таңертең үйіне мас күйінде оралған. Үйге таксимен келген соң есіктің кілті жоғалтып алғанын білген. Сосын ол жол жиегінде сүрініп, есінен танып қалған.

“Келесі күні таңертең белгісіз ер адаммен жалдамалы пәтерде ояндым. Ол менің рұқсатымсыз менімен жыныстық қатынасқа түскен. Мен неге полиция шақырмағанын сұрадым. Ол ұйықтап қалғанда мен қашуға тырыстым, бірақ ол мені жібермей, тағы екі рет зорлық жасады. Мен кетіп қалдым, ол алтын бұйымдарымды ұрлап алды. 

Түрксіб полиция бөліміне арыз жазуға бардым, бірақ олар арызымды қабылдамады. Олар жай ғана бейнебақылау камераларына қарады, олар менің үйдің жанында қалай құлағанымды және тоғыз минуттай ес-түссіз жатқанымды көрсетті. Сосын бір көлік тоқтап, жүргізушісі мені ес-түссіз күйде көлігіне отырғызып әкеткен", – дейді жәбірленуші.

Жәбірленушінің айтуынша, оның ісі үш апта бойы тергелмеген. Осы уақыт ішінде әйел өзі зорлық-зомбылыққа ұшыраған жалдамалы пәтерді өз бетінше тауып, айғақ ретінде - төсек-орын жабдықтарын жинап үлгерген. Пәтердің иесі әйелге сол күні такси жүргізушісі пәтерін жарты күнге жалға алғанын да айтқан.

Әйел полицияның алғашында зорлау дерегі жоқтығын алға тартып, арызды тек ұрлық фактісі бойынша қабылдағанын да атап өтті. Жәбірленуші мемлекеттік қорларға және БАҚ-қа хабарласқан соң ғана, тергеушілер зорлау фактісін тексере бастаған.

Полицияның мәліметінше, 4 қараша күні аталмыш дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілген. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады