Министр Саясат Нұрбек Maqsut Narikbayev University студенттері үшін қонақ дәрісін өткізді

08.11.2024, 12:20
685
Министр Саясат Нұрбек Maqsut Narikbayev University студенттері үшін қонақ дәрісін өткізді MNU

Ғылым және жоғары білім министрі Maqsut Narikbayev University-де дәріс оқыды.

Maqsut Narikbayev University-де Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Қазақстан өңірлік білім беру хабы» тақырыбында дәрісі өтті. Министр Қазақстандағы жоғары білімді дамыту және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық туралы баяндады.

Саясат Нұрбек министрліктің еліміздегі халықаралық университеттердің кампустарын салу үшін жағдай жасай отырып, Қазақстанды ірі академиялық хабқа айналдыруды жоспарлап отырғанын атап өтті. Ол биылғы жылы Қазақстанға оқуға 30 мыңға жуық шетелдік студент келгенін айтты.

«Біз халықаралық университеттерді тартатын осындай экожүйені құра отырып, Қазақстанды академиялық орталық ретінде дамытуға ұмтыламыз. Мемлекет жер учаскелерін бөліп, басқа да ынталандырушы шараларды ұсына отырып, бұл бастаманы жан-жақты қолдайды, бұл еліміз үшін экономикалық тиімді шешім болады», - деді министр.

Сондай-ақ министр Қазақстанның барлық студенттері үшін оқу бағдарламасының бір бөлігі болатын жасанды интеллект бойынша міндетті курсты енгізу жоспарлары туралы айтты. Google компаниясымен бірлесіп әзірленген бұл курс цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталып, жастарды қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономика жағдайында жұмыс істеуге дайындайды. Қазіргі уақытта пилоттық курс еліміздің 14 университетінде іске қосылды, ал болашақта оны Қазақстанның басқа ЖОО-ларында кеңейту жоспарлануда.

Дәріс соңында Саясат Нұрбек студенттердің сұрақтарына жауап беріп, Қазақстанда жоғары білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері мен келешегіне тоқталды. Академиялық мобильділікті арттыру, жас ғалымдарды қолдау және білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту сынды тақырыптар талқыланды. Студенттер маңызды сұрақтарына жауап алып, білім беру саласын дамыту бойынша министрліктің ұстанымдарымен танысу мүмкіндігіне ие болғандары үшін министрге алғыстарын білдірді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды