Суррогат ана арқылы балалы болғысы келетін ерлі-зайыптылар қандай шарттарды орындауға міндетті?

08.11.2024, 14:32
946
Суррогат ана арқылы балалы болғысы келетін ерлі-зайыптылар қандай шарттарды орындауға міндетті? Stock Photo

Құрсақ ананың қызметін заң талаптарын сақтап қана пайдалануға рұқсат.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі суррогат ананың қызметіне жүгінген ерлі-зайыптылардың міндетін атады. Бұл туралы министрлік өкілі Kazinform агенттігіне берген жауабында ашып айтқан.

«Қазақстанда суррогат ана қызметтерін жүргізу бағдарламасы мен ережелері заңнамамен реттелген. Суррогат ана болу қосалқы репродуктивті технологиялар әдістерінің бірі ретінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекспен (бұдан әрі – Кодекс) реттеледі.

Кодекстің 9-тарауы, 54-бабының, 1-тармағына сәйкес, суррогат ана қызметтерін қолданудың негізгі ережелері, талаптары мен шарттары көрсетілген. Оған сәйкес суррогат ана болу шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптары сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариатта куәландыруға жатады», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомствоның мәліметінше, қорытындының бір данасы нотариатта куәландырылған суррогат ана болу шартына қоса беріледі және мәміленің жасалған жері бойынша сақталады (56-баптың 3-тармағы).

Егер суррогат ана тіркелген некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) жағдайда, суррогат ана болу шартын жасасу кезінде жұбайының нотариат тәртібімен куәландырылуға тиіс жазбаша келісімі ұсынылуы қажет (56-баптың 2-тармағы).

Ерлі-зайыптылар мен суррогат ана арасындағы нотариалды тіркелген шарт негізінде ғана денсаулық сақтау субъектілері «Қосалқы репродуктивті технологиялар» (суррогат ана) бағдарламасы бойынша қызмет көрсетеді. Суррогат ана қызметтерін алу үшін азаматтар шартты ресімдегеннен кейін қосалқы репродуктивті технологиялар әдістерімен бедеулікті емдеумен айналысатын медициналық ұйымдарға дербес жүгінеді.

«Суррогат ана болу шартын медициналық ұйымдардың мамандары жасамайды. Тиісінше медицина қызметкерлері шарттың мазмұны мен талаптары, оның ішінде екі тараптың құқықтары мен міндеттері үшін жауапты болмайды. Сонымен қатар суррогат ана саласында қосымша қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын агенттіктердің қызметі медициналық қызметтерге жатпайды және тиісінше Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне кірмейді», - делінген жауапта.

Министрліктің дерегінше, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 57-бабы 1-тармағына сәйкес, суррогат ана болу шартын жасасу кезінде ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер):

1) суррогат ананың медициналық зерттеп-қараудан өтуімен байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;

2) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылуына байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;

3) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымға тән саулығы, психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық зерттеп-қараудың нәтижелерін ұсынуға;

4) суррогат ананың жүктілігі, босануы кезеңінде және босанғаннан кейін 56 күн ішінде медициналық қызмет көрсету бойынша шығыстарды төлеуге, ал жүктілікпен және босанумен байланысты асқыну болған жағдайда, 70 күн ішінде шығыстарды төлеуге міндетті.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды